Төтенше жағдайлар және терроризм қаупі төнген кездегі педагогтардың және балабақша қызметкерлерінің іс-әрекетінің алгоритмі бойынша кезекті теориялық тренингі.
«Аққу» бөбекжай» КМКҚ-да директор м.а. Сагындыкова А.С. төтенше жағдайлар және терроризм қаупі төнген кездегі педагогтардың және балабақша қызметкерлерінің іс-әрекетінің алгоритмі бойынша кезекті теориялық тренинг өткізді. Бұл тренингте тәрбиеші Қуттумуратова Б.С. құзыретті және ұтымды мінез-құлық дағдыларын дамыту мақсатында, қолданыстағы заңнамада белгіленген терроризмге қарсы қорғанысты қамтамасыз ету құзыреті шегінде, іс-қимыл алгоритмі бойынша қызметкерлердің негізгі әрекеттерінің тәртібін атап өтті:
- күдікті зат анықталғанда;
- телефон арқылы күдікті хабарлама алғанда;
- ұйымға жазбаша түрде қауып-қатер туралы хабарлама алғанда;
- балабақша тәрбиеленушілерге, балабақша қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасағанда;
- балабақша қызметкерлерін кепілге алғанда;
- балабақша ғимараты жарылған кезде.
#терроризмгежолжоқ





