29.11.2023 жылы “Аққу” бөбекжай” КМҚК-да ашық есік күні өтті. Ашық есік күні ата-аналар бөбекжаймен, оның ережелерімен танысып, көптеген мағлұматтар алды. Ата-аналар музыка залында дене тәрбие нұсқаушысымен Нурмуханова А.Р. бірге таңғы жаттығу жасады. Кейін топтарға тарап, балалармен бірге жасалған іс-әрекеттерге куә болды. Дамытушы орта бұрыштарында балалармен бірге ойындар ойнады. Қайта музыка залына келіп, балалардың дайындаған “Шегіртке мен Құмырсқа” ертегісінен үзіндіні тамашалады. Педагог-психолог Фазилова К.К. тренинг өткізді.










