2024 жылғы 4 наурызда педагог қызметкерлермен «Антитеррористік қауіпсіздік» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында терроризмнің алдын алу шаралары, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекет алгоритмі, күдікті заттарды анықтау тәртібі және қауіп төнген жағдайда тиісті қызметтерге хабарлау ережелері түсіндірілді. Педагогтарға қауіпсіздік талаптарын сақтау жауапкершілігі, сондай-ақ тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету шаралары туралы ескертілді.

