Бракераждық комиссияның жұмысы.
2025 жылғы 11 қараша күні «Аққу» бөбекжай» КМҚК асханасына брокеражды комиссия мүшелері тексеріс жүргізу мақсатында кірді.
Тексеру барысында тағамдардың сапасы, дайындалу технологиясы, тағам үлгілерінің сақталуы, аспаздардың санитарлық талаптарды орындауы және ас үйдің тазалығы қаралды.
Комиссия мүшелері асхана жұмысын жалпы қанағаттанарлық деп бағалады. Тағамдар сапалы, мәзір талаптарға сай, сақтау және дайындалу шарттары санитарлық нормаларға сәйкес екені анықталды.
Брокеражды комиссия мүшелері асхана қызметкерлеріне санитарлық-гигиеналық талаптарды әрі қарай да сақтауды және тағам сапасына тұрақты бақылау жүргізуді ұсынды.




