Балабақша мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында «Аққу» бөбекжайы» КМҚК-да «Тіл – рухани қазына» атты ашық есік күні өткізілді.
Абай ауданының білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, балабақша мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында «Аққу» бөбекжай» КМҚК-да «Тіл – рухани қазына» атты ашық есік күні өткізілді. Іс-шара Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясы мен балабақша арасындағы тығыз байланыс аясында ұйымдастырылды.
Кездесуге құрметті қонақ ретінде бастауыш сынып мұғалімі Елеуханова Айгерім Сайрановна қатысып, ата-аналарға болашақ бірінші сынып оқушыларын мектепке дайындаудың ерекшеліктері туралы жан-жақты мәлімет берді. Іс-шараның басты мақсаты – балабақша, мектеп және отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, балаларды сапалы білім алуға бірлесе даярлау болды. Сонымен қатар, мектепке дайындықтың тек оқу құралдары мен мектеп формасымен шектелмей, баланың психологиялық дайындығы, оқуға бейімделуі және күн тәртібін дұрыс ұйымдастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Ашық есік күні барысында тәрбиеленушілерге тілдің кез келген халық үшін баға жетпес рухани мұра екені түсіндіріліп, «Тіл жоқ жерде ұлт та жоқ» қағидасының мәні ашылды. Балалардың білімін жетілдіру, танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында түрлі дидактикалық ойындар ұйымдастырылып, олардың белсенділігі мен қызығушылығы артты. Сонымен қатар, ата-аналар арасында мақал-мәтелдерден жарыс өткізіліп, іс-шара мазмұнды әрі әсерлі өтті.
Жалпы, іс-шара балалардың туған тілге деген сүйіспеншілігін арттырып, тіл тазалығын сақтауға, өзара сыйластық пен мәдени қарым-қатынасқа тәрбиелеуге бағытталды.








