«Зерек бүлдіршін» атты интеллектуалды-ойын марафоны.
Мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты нығайту мақсатында «Аққу» бөбекжайының «Ертөстік» тобы тәрбиеленушілері Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясына танымдық сапар жасап қайтты.
Болашақ бірінші сынып оқушыларын мектеп қабырғасында мұғалім Айгерім Сайрановна жылы шыраймен қарсы алып, балаларға арнап «Зерек бүлдіршін» атты интеллектуалды-ойын марафонын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында бүлдіршіндер түрлі қызықты тапсырмаларды орындап, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Сонымен қатар, олар мектеп өмірімен жақынырақ танысып, сынып бөлмелері мен оқу үдерісіне қызығушылықпен қарады.
Танымдық сапар балаларға ерекше әсер сыйлап, олар көтеріңкі көңіл-күймен балабақшаға оралды.











