"Спорт-біздің досымыз" спорттық іс-шара
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Аққу» бөбекжай» КМҚК-да мекеме қызметкерлері арасында "Спорт-біздің досымыз!" спорттық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — денсаулықты нығайту, салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру, командалық рухты дамыту және ұжымның бірлігін арттыру.
Спорттық іс-шара барысында қызметкерлер әртүрлі сайыстар мен эстафеталарға қатысты: командалық ойындар, қимылды жарыстар, төзімділік пен үйлесімділікке арналған жаттығулар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, өзара көмек, адал бәсеке және әрбір қатысушының белсенділігі қағидаттарына ерекше мән берілді.
Іс-шара достық әрі көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, ұжымдағы корпоративтік мәдениетті нығайтуға ықпал етіп, мекеменің тәрбиелік жұмысының маңызды бөлігіне айналды.










