Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Аққу» бөбекжай» КМҚК медбикесі Шертышева Ж.Г. ұжым қызметкерлеріне арналған «Алғашқы көмек көрсету. Төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер» атты тәжірибелік сабақ өткізді.
Тәжірибелік сабақ барысында келесі тақырыптар қамтылды:
- Естен тану: Адам есінен танғанда көрсетілетін алғашқы көмек қадамдары.
- Жарақаттар: Қан кетуді тоқтату және күйік шалғанда жасалатын шұғыл әрекеттер.
Әрбір қызметкер ситуациялық тапсырмаларды өз қолымен орындап, қиын сәтте саспай әрекет етуді үйренді.




