Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай «Аққу» бөбекжай» КМҚК-да «Ботакөз» мектепалды тобы тәрбиеленушілерімен «Үйдегі және даладағы қауіпсіздік» тақырыбында әңгімелесу өткізілді.
Іс-шара барысында балаларға қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді. Үйде электр құралдарынан, ыстық заттардан сақ болу, бейтаныс заттарды алмау керектігі айтылды. Ал далада жол ережесін сақтау, бағдаршамға қарау, үлкендердің қасында жүру және бейтаныс адамдармен сөйлеспеу қажеттігі түсіндірілді.
Балалар өз ойларын білдіріп, сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, тақырыпқа сай бейнеролик көрсетіліп, қауіпсіздік ережелері бекітілді.


