Дүниежүзілік еңбек қорғай күні
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Аққу» бөбекжай КМҚК педагог психологі Фазилова К.К. «Қолайлы психоэмоционалдық жұмыс ортасы: қызметкерлердің гүлденуі мен ұйымның нығаюына жол» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, қызметкерлердің эмоционалдық әл-ауқатын арттыру, ұйымдағы өзара сыйластық пен ынтымақтастықты дамыту.
Тренинг барысында қатысушылар «Жылы лебіз» жаттығуын орындап, бір-біріне жылы сөздерін айтты. «Көңіл-күй термометрі» жаттығуы арқылы өз көңіл-күйін 1-ден 10-ға дейін бағалап, қысқаша себебін түсіндірді. «Жақсы орта қандай?» тақырыбында топтық жұмыс жасады.







