«Академиялық адалдық ережелерін сақтау» тақырыбында әдістемелік қолдау сағаты.
«Аққу» бөбекжай» КМҚК-да педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Академиялық адалдық ережелерін сақтау» тақырыбында әдістемелік қолдау сағаты өткізілді. Шара барысында тәрбиешілер мен мамандарға академиялық адалдық қағидаттары, оның білім беру үдерісіндегі маңыздылығы мен ережелері түсіндірілді. Педагогтер өз жұмысында шынайылық пен кәсіби жауапкершілікті ту етіп, өзара тәжірибе алмасты.

