Мектепен сабақтастық жұмыс жоспарына сәйкес, «Күншуақ» мектепалды тобының тәрбиеленушілері Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясына танымдық экскурсия жасады.
Экскурсия барысында балалар мектеп өмірімен танысып, білім ордасы туралы түсініктерін кеңейтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – тәрбиеленушілердің мектепке деген қызығушылығын арттыру, жаңа ортаға бейімделуіне ықпал ету және мектепке психологиялық даярлығын қалыптастыра отырып. Аталған іс-шара балалардың балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастықты нығайтуға бағытталды.








