back-image
«Қыздар гимназиясы» КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> «Қыздар гимназиясы» КММ
Қош келдің, Білім күні!
01-09-2026 15:13
Қош келдің, Білім күні!
 
Күздің алғашқы күнімен бірге шағын орталығымыздың табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміз үшін нағыз мереке басталды. Білім әлеміне қадам басқан кішкентай бүлдіршіндеріміз бұл күнді ерекше қуанышпен және зор ықыласпен қарсы алды.
Мерекелік ертеңгілік барысында балақайларымыз өз өнерлерін ортаға салды:
* Білім, мектеп және күз туралы жүрекжарды тақпақтарын нақышына келтіріп оқыды;
* Көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын әуезді әндерін шырқады;
* Көздің жауын алатын мың бұралған билерін билеп, жиналған қауымды тәнті етті.
Бұл күн балалардың есінде білімге деген алғашқы құштарлық пен ұмытылмас шаттық сәттері ретінде қалары сөзсіз. Балғын шақтың бал күндері сәттілікке толы болсын! Білім жолындағы алғашқы қадамдарың құтты болсын, кішкентай бүлдіршіндер!
Жаңалықтар