ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖЕҢІС!
10 «Ә» сынып оқушысы Менлібай Айғаным республикалық лингвистикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде І орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. 2026 жылғы 5 қарашада Қарағанды қаласында өткен облыстық кезеңде де өзінің терең білімін, тілдік қабілеті мен жоғары дайындығын дәлелдеп, І орынды жеңіп алды! ????
Айғанымның бұл жетістігі – оның білімге деген ерекше қызығушылығы мен жоғары қабілетінің айқын көрінісі. Жас дарынды жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Әрдайым биіктен көрініп, жаңа жетістіктерімен қуанта беруіне тілектеспіз! ????
Жетекшісі: ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ерходжаева Р.И.