«Күй-Құдіретті әуез. Ортақ әуен-Ортақ үн»
Осы дүбірлі додада біздің шағын орталықтың намысын қорғаған «Күн» тобының бүлдіршіндері ерекше өнер көрсетіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Нәтижесінде кішкентай дарын иелері жүлделі БІРІНШІ ОРЫНДЫ иеленіп, арнайы марапаттармен марапатталды!
Балалардың талантын ұштап, оларды осынау үлкен деңгейдегі сахнаға дайындаған жетекшілер де жоғары шығармашылық грамоталарға ие болды.
Бүлдіршіндеріміз бен олардың жетекшілерін осынау зор мақтаныш пен ортақ жеңіспен шын жүректен құттықтаймыз! Кішкентай жұлдыздарымыздың өнер жолындағы қадамдары сәтті болып, биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз!
Біздің кішкентай жеңімпаздарымыз бен олардың жетекшілері:
Ануварова Алиса, Горбунов Евгений Халмұрат Гүл-Бағда — жетекшісі: Табиғат Гүлжан;
Ақжол Арсен және Сержан Томирис — жетекшісі: Муканова Раушан Омирсериковна;
Алтынбекова Лиана — жетекшісі: Абельсейтова Куралай Сериковна.
