back-image
«Қыздар гимназиясы» КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> «Қыздар гимназиясы» КММ
Елім менің — Қазақстан!
19-10-2026 16:09
Елім менің — Қазақстан!
 
25-ші қазан – Республика күніне орай біздің шағын орталығымызда «Елім менің — Қазақстан!» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мерекенің басты мақсаты — өсіп келе жатқан бүлдіршіндеріміздің бойына отансүйгіштік сезімді ұялатып, ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымызды дәріптеу. Шара барысында балалар мергендік пен ептілікті шыңдайтын ұлттық ойынымыз — асық атудан бақ сынасып, ерекше белсенділік танытты. 
Мерекеміздің сыйлы да ардақты қонағы ретінде ақ жаулықты Әжеміз келіп, кештің сәнін кіргізді. Әжеміз балаларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен салт-санасы туралы ғибратты әңгімелер айтып, өзінің ақжарма ақ батасын берді. Балалардың жүзінен қуаныш, көздерінен бақыт ұшқыны байқалған бұл күн бүлдіршіндердің есінде ұзақ сақталары сөзсіз. 
Жаңалықтар