back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің "№9 лицейі" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің "№9 лицейі" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Инновациялық жобалар
21-08-2026 09:41

Қарағанды облысы білім басқармасы

Теміртау қаласы білім бөлімінің «№9 лицейі»КММ

Инновациялық-эксперименттік қызмет, әлеуметтік/білім беру жобаларына қатысу.

Деңгейі

Жоба атаулары

жылдар

1

Қалалық

1.«Жетістік формуласы»жобасы

2022-2024

1

Облыстық

«Болашақ инженерлер»  жобасы.

«Болашақ инженерлері» облыстық жобасы компьютерлік 3D үлгілерді жасау кезінде практикалық және жобалау-зерттеу жұмыстарын орындау процесінде оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін педагогикалық жағдайларды айқындау және оқушыларды одан әрі кәсіптік бағдарлау үшін жағдайлар жасау мақсатында ұйымдастырылады.

 Сондай-ақ оқушылардың кеңістіктік ойлауын дамытуға ықпал етеді, бұл өз кезегінде геометрия, физика, сызу курсында үш өлшемді объектілерді одан әрі зерттеу үшін негіз болады.

Бұдан басқа, жоба оқушы үшін жеке білім беру траекториясын құруға: мектепте инженерлік-компьютерлік 3D модельдеу бойынша базалық білім алуға, оқушыларды техникалық білім алуға ынталандыруға және қызықтыруға, инженерлік мамандықтың беделін арттыруға, оқу-тәрбие процесінің сапасын және оның нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, жыл сайын жоба аясында келесі бағыттар бойынша жобадағы мектеп мұғалімдеріне арналған оқыту курстары және облыстық байқау өткізіледі:

- 3D модельдеу;

- Автомодельдеу;

- Авиамодельдеу.

Қазіргі уақытта «Қазақстан халықына қоры бойыша»робототехника бойынша жұмыстар жасалуда.Қалалық,облыстық шығармашылық сайыстарға қатысуда. Робототехникадан облыстық , республикалық жетістіктер жоқ.

 

2021-2024

2

 «Жетістік формуласы»жобасы

«Жетістік формуласы» бағдарламасы бойынша  «№10 ЖББМ» КММ  әкімшілігімен  бірлесе отырып, төмендегідей әдістемелік  көмек қолдауы жүргізілді. Семинар, коучингтер өткізілді.

2023-2024

3

 «Мен педагог боламын » жобасы мектепте жоспар жасалды.Жоспарға сай іс –шаралар өткізілді.

«Мен педагог боламын» бейіндік жоба аясында

педагогикалық сынып нетворкинг

2022 жылдың 15 желтоқсанда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мен педагог боламын» бейіндік жоба аясында педагогикалық сынып нетворкингі онлайн форматта өтті. «Теміртау қаласы білім бөлімінің«№9 лицейі» КММ педагогтері іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Облыстық «Мен педагог боламын» сайысынан жүлделі 1-орын иеленді.Оқушылардың педагогика мамандыққа қызығушылықтары артуда.

 

 

2022-2024

4

 «Медицинаға қадам» жобасы

Жобаны іске асыру бойынша әдістемелік-нұсқаулықпен қамтамасыз ету;

Облыстық жобаны жүзеге асыру барысында меморандумға қол қойылды.ЖМ «Теміртау жоғары медициналық колледжі» 01.11.2023ж

ЖММ «Bolashaq» академиясы «Химия,биология» факультеті13.12.2023

1.«Медицинаға қадам» жобасын әрі қарай дамыту
2.Қарағанды медициналық университетімен ынтымақтастық келісімшартқа қол қою
3.Теміртау білім бөліміне қарасты «медициналық сынып»ашылған мектептермен        тығыз байланыста іс-шаралар ұйымдастырылды.

облыстық  «Болашаққа жолдама» форумында биология пәні мұғалімі Давлятова Р. «Медицинаға қадам»жобасын қорғап 1-орынға ие болды.

 

 

2023-2024

5

 «Құзырет орталығы»жобасы

Педагогикалық инновациялардың құндылығы: жаңа әдістер мен әдістемелердің білім сапасына әсері

«Құзыреттілік орталығының» жоспары  бойынша қыркүйек айында  «Ғабиден Мустафин атындағы қазақ мектебі» КММ, №2ЖББМ 2024-2025 оқу жылы барысында атқарылатын іс-тәжірибемен бөлісу жоспарланды. 

Күтілетін нәтиже:

1.Педагогтар жаңа әдістер мен әдістемелерді қолдану арқылы оқушылардың оқу нәтижелерін қалай жақсартуға болатынын зерттейді. Бұл оқушылардың белсенділігін, мотивациясын және оқу жетістіктерін арттыруға ықпал етеді.

2.Педагогтар заманауи педагогикалық құралдар мен ресурстарды оқу процесінде тиімді пайдалану үшін нақты ұсыныстар мен стратегиялармен тәжірибе алмасады.

3. Педагогтер үшін қолжетімді әдістемелік құралдар мен ресурстардың тізімі ұсынылады, оларды оқу процесінде қолдануға болады.

Кездесулер,семинар –тренингтер өткізілді.

 

2023-2024

 

                              Директор                          Ш.М. Ескендирова

Новости