back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің "№9 лицейі" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің "№9 лицейі" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Аналитикалық талдау
21-08-2026 10:07

Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің

«№9 лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ақпарат

Басшының бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары қызметі бойынша аналитикалық талдауы

Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстарымен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы»(ҚР Оқу-ағартуминистрінің 2022жылғы 16 қыркүйектегі№ 399 бұйрығы)     ҚР Оқу-ағарту министрінің 21.11.2022 ж. № 467 бұйрығымен        енгізілген  өзгерістерімен жүзеге асырылады;

Таңдау бойынша курстар, элективті курстар бейіалды даярлық және бейіндік оқыту жүйесінде маңызды рөл атқарады және негізгі, жалпы орта білім беру деңгейінде оқу процесінің вариативті жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады.

      «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні 1-сыныпта 2026 жылдың 1 қаңтарынан енгізіледі. 1-сыныптағы «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны білім алушылардың алгоритмдік ойлау қабілетін ойын программалау ортасында қалыптастыруға, робототехника жиынтығының негізгі компоненттерімен таныстыруға, қарапайым роботтар жинауға және оларды басқаруға бағытталған.

2-4 сыныптарда  «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні 2025 жылдың 1 қыркүйегінен оқытылады.

Вариативтік оқу жүктемесінен 4-сыныптарда 1 сағаттан «STEАM эксперименттер жүргізу» курсы, ал 1-сыныптарға «Шахматты дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын» бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №576 қаулысы, Қарағанды облысы білім басқармасының 2025 жылғы 30 шілдедегі №427 бұйрығы (1- қосымша) негізінде 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Шахмат негіздері» сабағы, 2- сыныптарға  оқушылар мен ата –аналардың сауалнама нәтижесі мен ұсынысы негізінде «Оқу шаттығы», 2, 3- сыныптардағы «STEАM эксперименттер жүргізу» курсының орнына «Математика бізбен бірге» курсы, 3-сыныптарда «Математика және логика» курсы,  1-4 сыныптарда 1 сағат «Денешынықтыру және спорт ойындары» курсы енгізілді.

           5,6,7,8,9,10,11сыныптарда «Математикалық сауаттылық», «Робототехника» 5,6-сыныптарға, «Гидропоника» курсы 6 сыныптарға, «Жасанды интеллект негіздері» курсы 7,9 сынып, «Дыбыстар ерекшілігі» курсы 5 – сыныптарға, «Риторика» 5- сыныптарға,  «STEАM» эксперементтер жүргізу курсы 5,6,8,9 сыныптарға, «Физика жанды табиғатта»курсы 6 сыныптарға, «Медицинаға қадам» курсы 7,8,9 сыныптарына, «Елтану» курсы 7 сыныптарға 1 сағаттан т.б курстар енгізілді.

10-11 сыныптарда жаратылыстану-математика бағыты бойынша оқытылады. Таңдау  курсы «Педагогика әлемі» курсы 10,11-сыныптарда аптасына   1 сағат, «Математикалық сауаттылық» аптасына 1 сағат  математика пәнінен,  «Күрделілігі  жоғары  химиялық есептерді шығару», «Биомедицина және адам денсаулығы» курстары   аптасына 1 сағат. «Жаhандық құзыреттіліктер» таңдау курсын 5-11 сыныпта 1 сағат.

           Курстар  STEM оқытуды жүзеге асыруда оқушылардың ғылыми- зерттеу әлеуетін дамыту және сыни ойлау дағдыларын дамытады,командалық жұмыс орындауға, креативті ойлауға бейімдейді. Стандарттық деңгейдегі  «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» таңдау пәні 10-11 сыныптарға 2020-2021 оқу жылында  енгізілді.

  7 «А», 7 «Ә», 7 «Б», 7 «В», 7 «Г» сыныптарына «Алхимиктер»,«Бес асық – қазақтың ұлттық ойыны»,«Жасанды интеллект»,«Шахмат», «Тоғызқұмалақ» үйірмесіне аптасына 4 сағат .

.                   Бұл курс,үйірмелер  оқушының жалпы оқу біліктілігін және дағдыларын қалыптастыруға бағытталып, сонымен қатар оқыту әдістемесі оқушылардың ой еңбегі және өз бетімен білім алу дағдысын дамытады. Курстарды жүргізу барысында оқушылардың  білімдері кеңейеді, олардың қабілетін дамыту арқылы мамандыққа икемделіп, кәсіптік бағдар беріледі.

Оқушыларды кәсіпке бағдарлауы селекционер, дәрігер, фармацевт, биология пәнінің мұғалімі, агроном, биотехнолог, эколог.Бұл курстар оқушының жалпы оқу біліктілігін және дағдыларын қалыптастыруға бағытталып, сонымен қатар оқыту әдістемесі оқушылардың ой еңбегі және өз бетімен білім алу дағдысын дамытады. Курстарды жүргізу барысында оқушылардың  білімдері кеңейеді, олардың қабілетін дамыту арқылы мамандыққа икемделіп, кәсіптік бағдар беріледі.

Новости