Гимназиямызда 1 "А","Ә","Б","В" сынып оқушылары арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
Іс-шараның мақсаты: оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрін кеңінен насихаттау, ұлттық рухты көтеру, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығын нығайту.
Шара барысында:
– Қыдыр ата келіп, ақ батасын беріп, мерекенің шымылдығын ашты;
– Оқушылар өз өнерлерін паш етіп, ән айтып, би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады;
– Ата-аналарымыз салт-дәстүрлерді дәріптеп, шараға белсене қатысып, ерекше атмосфера қалыптастырды;
– Ұлттық ойындар ұйымдастырылып, оқушылар мен қонақтар қызықты сәттерге куә болды;
– Қыздар арасында «Бұрымды қыз» шеруі өткізіліп, ұлттық болмыс пен сұлулық дәріптелді. Іс-шара соңында ақ бата беріліп, мереке өз мәресіне жетті.
Осындай тағылымы мол шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан сынып жетекшілеріне, белсенді қатысқан ата-аналарымызға және өнер көрсеткен оқушыларымызға шынайы алғысымызды білдіреміз!
Наурыз – береке мен бірліктің, жаңару мен жақсылықтың бастауы.
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз!






