Семинар барысында бастауыш сынып мұғалімдері ашық сабақтар өткізіп, өзара іс-тәжірибе алмасты. Сонымен қатар психолог пен логопед мамандар қатысушыларға арналған тренинг ұйымдастырды.
Тренингті психолог Индира Сакеновна мен логопед Зиядина А.С. жүргізді. Логопед Зиядина А.С. эбру техникасы арқылы су бетінде сурет салу әдісін көрсетіп, «Сезім арқылы сөйлеуді дамыту» бойынша әдіс тәсілдерін көрсетіп, өз шеберлігімен бөлісті.
Семинар соңында келген қонақтарға гимназияның көркем еңбек сабағында оқушылар жасаған қолөнер сувенирлері сыйға тартылды. Инклюзивті білім беру бағыты бойынша Асанова Б.Е. семинар барысында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, іс-тәжірибеде қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісті.