back-image
КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"
Семинар аясында «Ақтілек» балабақшасы мен шағын орталықтың «Жұлдыз» тобының тәрбиешілері «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» КММ-не келіп, бастауыш сыныптармен сабақтастық жұмыстарымен танысты.
18-03-2026 15:09
Семинар аясында «Ақтілек» балабақшасы мен шағын орталықтың «Жұлдыз» тобының тәрбиешілері «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» КММ-не келіп, бастауыш сыныптармен сабақтастық жұмыстарымен танысты.

Семинар барысында бастауыш сынып мұғалімдері ашық сабақтар өткізіп, өзара іс-тәжірибе алмасты. Сонымен қатар психолог пен логопед мамандар қатысушыларға арналған тренинг ұйымдастырды.
Тренингті психолог Индира Сакеновна мен логопед Зиядина А.С. жүргізді. Логопед Зиядина А.С. эбру техникасы арқылы су бетінде сурет салу әдісін көрсетіп, «Сезім арқылы сөйлеуді дамыту» бойынша әдіс тәсілдерін көрсетіп, өз шеберлігімен бөлісті.
Семинар соңында келген қонақтарға гимназияның көркем еңбек сабағында оқушылар жасаған қолөнер сувенирлері сыйға тартылды. Инклюзивті білім беру бағыты бойынша Асанова Б.Е. семинар барысында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, іс-тәжірибеде қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісті.

Новости