1–11 сынып оқушылары арасында әдеп сағаттары
Мектеп-лицейімізде 1–11 сынып оқушылары арасында әдеп сағаттары өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға адамгершілік құндылықтарды насихаттау, әдептілік, сыйластық, жауапкершілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру.
Сынып сағаттары барысында оқушылар түрлі тақырыптарда пікір алмасып, жағдаяттық тапсырмалар орындап, өз ойларын еркін жеткізе білді.
Нәтижесінде оқушылардың қарым-қатынас мәдениеті қалыптасып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету туралы түсініктері кеңейе түсті.


