"Адал Азамат" Бірыңғай тәрбие бағдарламасы, мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 9 ақпанда "Нұркен Әбдіров атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ 11-сынып оқушыларына арналған А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің өкілдерімен кездесу өтті.
Жоғары сынып оқушылары университеттің білім беру бағдарламаларымен, сұранысқа ие инженерлік және техникалық мамандықтармен, қабылдау шарттарымен және гранттық білім алу мүмкіндіктерімен танысты. Тікелей диалог барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандықты және одан әрі білім беру жолын саналы түрде таңдауға көмектесетін пайдалы ақпарат алды.