Компьютерлік және ақпараттық қауіпсіздік апталығы және халықаралық қауіпсіз интернет күні аясында аға тәлімгер Д.В. Кудрик "Қауіпсіздік лентасы"акциясын өткізді.
Іс-шара барысында білім алушылар тақырыптық стенд құруға белсенді қатысты: балалар Интернет желісінде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерімен, пайдалы кеңестермен және жеке деректерді қорғау туралы ескертулермен стикерлер жапсырды. Барлығы жалпы "Қауіпсіздік лентасына"үлес қоса алды.
Акция оқушылардың цифрлық технологияларды пайдалануға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға ықпал ете отырып, қызықты және танымдық түрде өтті.