Тірек сөздер хикаясы
Оқу сауттылығы апталығы екінші күн. 9-сынып оқушылары «Тірек сөздер хикаясы» тақырыбында шығармашылық тапсырма орындады. Тапсырма барысында оқушылар берілген тірек сөздерді пайдалана отырып, қызықты әрі мазмұнды хикая құрастырды. Жұмыстың мақсаты – оқушылардың сөздік қорын кеңейту, ойлау қабілетін және креативтілігін дамыту, өз ойын жүйелі түрде жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру. Оқушылар шығармашылық танытып, әртүрлі мазмұндағы әсерлі әңгімелер жазды.




