Наурыз – тек жаңару мен береке емес, ол – қайрат пен жігердің мейрамы!
Наурыз – тек жаңару мен береке емес, ол – қайрат пен жігердің мейрамы!
Наурызнама онкүндігінің шеңберінде мектебімізде «Білектегі күш – жүректегі сенім» атты тартысты спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Сайыс барысында оқушыларымыз ұлттық спорт түрлері мен заманауи жарыстарда бақ сынап, нағыз шеберлік пен төзімділік танытты.
Іс-шараның негізгі мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтына баулу, олардың бойындағы отансүйгіштік қасиетті нығайту және «жүректегі сенім» арқылы биік белестерді бағындыруға ынталандыру. Спорт – денсаулық кепілі, ал бірлік – жеңіс негізі!