9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына
Аудан орталығында 9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шара кең көлемде аталып өтті. Іс-шараның алғашқы бөлімі Жеңіс мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Алдымен, Ұлы Отан соғысында еліміздің тәуелсіздігі мен халқымыздың бақыты үшін ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етіліп, бір минут үнсіздікпен еске алынды. #адал_азамат
@bilimboliminura #9мамыржеңіскүніқұттыболсын
