Отбасылық құндылықтар және Конституция
Отбасылық жобалар форматындағы «Отбасылық құндылықтар және Конституция» республикалық конкурсының тұжырымдамасы.
Жалпы ережелер:
«Отбасылық құндылықтар және Конституция» республикалық конкурсы Қазақстан Республикасының Конституциясын, ата-ана мен бала құқықтары мен міндеттерін, отбасы құндылықтарын және құқықтық мәдениетті насихаттау мақсатында өткізіледі.
Конкурстың мақсаты:
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, отбасы институтын нығайту, Конституцияда бекітілген адам мен азаматтың, отбасының, ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттері туралы құқықтық білімді кеңінен насихаттау, қоғамда заңға құрмет пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
Конкурсқа қатысушылар:
Конкурсқа Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын отбасылар (ата-аналар мен балалар), жастар, оқушылар қатысады.
Конкурсты өткізу тәртібі:
Конкурсқа ұсынылатын жұмыстар келесі тақырыптардың біріне арналуы тиіс: бала құқықтарын қорғау; ата-аналардың құқықтары мен міндеттері; отбасындағы өзара сыйластық пен құқықтық мәдениет; тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу; балалардың цифрлық ортадағы қауіпсіздігі; Конституция және отбасы құндылықтары; «Заңды білу-қауіпсіз өмірдің кепілі».
Конкурстық жұмыстарды бағалау критерийлері:
Конкурстық жұмыстар мынадай критерийлер бойынша бағаланады: тақырыптың толық ашылуы және мазмұнының өзектілігі; шығармашылық көзқарас пен идеяның бірегейлігі; ұсынылған құқықтық ақпараттың дұрыстығы; жұмыстың көркемдік және техникалық орындалу деңгейі; әлеуметтік және тәрбиелік маңыздылығы.
Марапаттау тәртібі:
Конкурс қорытындысы бойынша I, II және III орын алған қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.