ГРАНТ ИЕЛЕНГЕН ТҮЛЕКТЕРІМІЗДІ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Бүгін — талай жылғы еңбектің жемісін көріп, үлкен армандарға қадам басқан ерекше күн!
Мектебіміздің білімді де талапты түлектері мемлекеттік білім грантына ие болып, өздері қалаған мамандықтарына оқуға түсті. 
Бұл — оқушыларымыздың табандылығы мен ізденісінің, ұстаздарының тынымсыз еңбегінің және ата-аналарының қолдауының нәтижесі.
Қымбатты түлектер, алдарыңыздан ақ жол ашылсын! Таңдаған мамандықтарыңыздың білікті иесі болып, ел игілігіне қызмет ететін азамат болыңыздар!
Білім жолындағы алғашқы үлкен белестеріңіз құтты болсын!
Армандарыңыз асқақ, қадамдарыңыз нық, болашақтарыңыз жарқын болсын!
Биылғы 2025-2026 оқу жылының грант иегерлері : Айдикенова Аружан,Төребек Гүлназым,Уваисова Асель , Шкаренко Кирилл Владимирович ,Дмитрук Екатерина Павловна ,Жантуова Дильнас Рустамовна. Түлектерімізді шын жүректен құттықтаймыз!


#нұраауданыбілімбөлімі



