Мектепке жол
«Мектепке жол» акциясына белсене қатысып, балаларымызға демеушілік көмек көрсеткен ЖШС «BIZDIN FORMA» компаниясына және оның басшысы Муртазина Г.Д.-ға шын жүректен алғыс айтамыз! Сіздердің демеушіліктеріңіздің арқасында оқушыларымыз жаңа оқу жылына қажетті киім-кешекпен қамтамасыз етілді. Балалардың жүзіндегі қуаныш пен күлкі — сіздердің үлкен жүректеріңіздің нәтижесі! Компанияларыңызға береке, толағай табыс және еңбектеріңізге жеміс тілейміз! Балаларға қуаныш сыйлағандарыңыз үшін рақмет!