Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі
7 «Ә» сыныбында “Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі»тақырыбында сынып сағаты өтті.
Сынып сағатында оқушылар Конституцияның ел өміріндегі маңызын талқылап, “Адал азамат қандай болуы керек?»деген сұрақ төңірегінде ой бөлісті. Сұрақ-жауап арқылы құқық пен міндет, адалдық пен жауапкершілік ұғымдарын саралады.Сұрақ-жауап – ойды тереңдетті,
сергіту сәті – көңіл күйді көтерді,
пікір алмасу – азаматтық ұстанымды қалыптастырды.
Өйткені “білімді болу – тек жақсы оқу емес, өз құқығы мен міндетін білетін, елін құрметтейтін жауапты азамат болу.
Адал азамат – зерделі ұлттың негізі.
Жауапты ұрпақ – жарқын Қазақстанның болашағы!


