back-image
"Ыбырай Алтынсарин атындағы тiрек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Ыбырай Алтынсарин атындағы тiрек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
Адал азамат – жауапты қоғамның негізі
02-09-2026 12:34
Адал азамат – жауапты қоғамның негізі
“Адал азамат – жауапты қоғамның негізі»
1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында 6 Ә сынып оқушыларымен «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында мазмұнды тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының басты мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы түсінік қалыптастыру, өз құқықтары мен міндеттерін білуге, Отанды және мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, тәртіпті әрі жауапты азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылар:
* «Егер бір күнге барлық заң тоқтаса...» ой қозғау әдісі арқылы заң мен тәртіптің маңызын талқылады;
* Конституцияның қоғамдағы рөлін түсініп, құқық пен міндеттің байланысын анықтады;
* «Азаматтық сот» жағдаяттық ойыны арқылы әртүрлі өмірлік жағдайларды талдап, әділ шешім қабылдауға үйренді;
* «Адал азаматтың кодексін» құрастырып, шыншылдық, жауапкершілік, әділдік, еңбекқорлық, білімге ұмтылу және өзгені құрметтеу сияқты құндылықтарды атап өтті;
* сабақ соңында өз ойларын ортаға салып, азаматтық жауапкершілік туралы қорытынды жасады.
Сонымен қатар, қауіпсіздік сабағында «Төтенше қызмет нөмірлері» тақырыбы қарастырылды. Оқушылар 101, 102, 103, 112 жедел қызмет нөмірлерінің қызметімен танысып, төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету алгоритмін меңгерді.
Тәрбие сағаты оқушыларға құқықты білу – міндетті орындау, ал жауапкершілік пен адалдық – нағыз азаматтың басты қасиеттері екенін түсінуге мүмкіндік берді. #адал_азамат
 
Новости