back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
5 «ә»сынып оқушылары арасында «Дос болайық. Буллингтен қорған» бағдарламасы аясында «Қарым - қатынас ережесі» тақырыбында тренинг
09-02-2026 12:24
 5 «ә»сынып оқушылары арасында «Дос болайық. Буллингтен қорған» бағдарламасы аясында «Қарым - қатынас ережесі» тақырыбында тренинг

Қаңтардың 26 жұлдызында оқушыларға дұрыс қарым - қатынас жасау ережелерін түсіндіру, буллингтің не екенін және оның зиянын ұғындыру, достыққа, сыйластыққа, бір - біріне қолдау көрсетуге тәрбиелеу мақсатында мектебіміздің педагог - психологы Айнұр Жомартқызы 5 «ә»сынып оқушылары арасында «Дос болайық. Буллингтен қорған» бағдарламасы аясында «Қарым - қатынас ережесі» тақырыбында тренинг жүргізді. Тренинг барысында оқушылар бір - біріне жылы лебіз білдіріп, қарым - қатынас құрудың алтын ережелерімен танысты. Дұрыс қарым - қатынасқа кері әсер ететін буллинг мәселесіне байланысты топтық жағдаяттық тапсырмалар орындап, өз ойларын ортаға салды. Сабақ соңында оқушылар « Шаңырақ» жаттығуын орындап, « Достық бар жерде - сыйластық бар, сыйластық бар жерде - бақыт бар» деген қорытындыға келді. Оқушылар буллингтің зиянын түсініп, бір - біріне құрметпен қарауды үйренді және қиын жағдайда көмек сұрай алатынын білді.

Новости