Осакаров ауданында Нұрай бөбекжайында «Мектепке дейінгі жастағы балалармен қолданылатын креативті музыкалық аспаптар» тақырыбында ауқымды облыстық семинар-практикум жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.
Аталған іс-шара педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға, заманауи әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасуға бағытталды. Семинар «Meet up» форматында өтіп, қатысушылар үшін ерекше шығармашылық алаңға айналды.
???? Семинар барысында:
– креативті музыкалық аспаптарды қолдану жолдары көрсетілді;
– балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған шеберлік сыныптар ұсынылды;
– «Ribbon Flow Orchestra», «EcoMusic», «Boomwhackers», «Sound Design», «Ocean of sounds» секілді заманауи бағыттарда практикалық жұмыстар жүргізілді;
– педагог-психологтар мен музыка жетекшілерінің авторлық әдістері таныстырылды.
???? Қатысушылар су, тұрмыстық заттар және қарапайым құралдар арқылы ерекше дыбыстар әлемін жасап, музыка мен экологияны ұштастыра білді. Бұл – балалардың қиялын дамытудың тиімді жолдарының бірі екені дәлелденді.
???????? Шараға Нұра ауданының мектепке дейінгі ұйым педагогтері белсене қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби тұрғыда жаңа серпін алды.