back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
Заң және Тәртіп идеологиясы аясында: Болашақ жастардың қолында!
09-02-2026 16:15
 Заң және Тәртіп идеологиясы аясында: Болашақ жастардың қолында!

???? Заң және Тәртіп идеологиясы аясында: Болашақ жастардың қолында!
Бүгін Нұра кентінің Өнер мектебінде 10-сынып оқушылардың қатысумен маңызды ақпараттық-түсіндірме кездесуі өтті. Шара Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен құрылған Ұлттық құрылтайда көтерілген өзекті мәселелерді негізге ала отырып ұйымдастырылды.
???? Кездесудің басты тақырыптары:
«Алып қашу» – дәстүр емес, қылмыс: ҚР Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, адамды некеге тұру мақсатында ұрлау бойынша жауапкершіліктің қатаңдатылғаны түсіндірілді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жаңа заң: Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауды күшейтетін заңнамалық түзетулер талқыланды.
Құқықтық сауаттылық: Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу.
Кездесуге Нұра ауданының Прокуратура өкілдері, Полиция бөлімінің қызметкері және Отбасын қолдау орталығының мамандары қатысты. Олар оқушыларға заң алдындағы жауапкершілік пен әрбір азаматтың қауіпсіздігі басты құндылық екенін атап өтті.

Новости