back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
“Тапқыр болсаң, озып көр” атты математикалық сайыс
12-02-2026 16:50
“Тапқыр болсаң, озып көр” атты математикалық сайыс

2-сыныптар арасында “Тапқыр болсаң, озып көр” атты математикалық сайыс өткізілді.
Сайыс үш кезеңнен тұрды.

І кезең – Қосу.
Бұл кезеңде оқушылар қосу амалдары бойынша жылдам әрі дұрыс есептеуге арналған тапсырмалар орындады. Балалардың ойлау жылдамдығы мен есептеу дағдылары бағаланды.

ІІ кезең – Көбейту.
Екінші кезеңде көбейту кестесіне байланысты тапсырмалар берілді. Оқушылардың есте сақтау қабілеті мен математикалық сауаттылығы сыналды.

ІІІ кезең – Құрама есептер.
Соңғы кезеңде оқушылар логикалық ойлауды қажет ететін құрама есептерді шығарды. Бұл кезеңде балалардың есепті түсіну, талдау және дұрыс шешім табу қабілеттері анықталды.

Сайыс өте қызықты әрі тартысты өтті. Оқушылар белсенді қатысып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсете білді. ????????

Новости