back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
жас мамандар мен өзге білім ордаларынан ауысып келген педагогтердің тізбектелген сабақтар сериясы
12-02-2026 17:08
жас мамандар мен өзге білім ордаларынан ауысып келген педагогтердің тізбектелген сабақтар сериясы

2026 жылдың 19–30 қаңтар аралығында М. Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында жаңадан қабылданған жас мамандар мен өзге білім ордаларынан ауысып келген педагогтердің тізбектелген сабақтар сериясы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты — мұғалімді оқушының «қалай оқу керектігіне» бағыт беретін, сандық технологияларды еркін меңгерген заманауи тәлімгер ретінде қалыптастыру болды.
Оқу процесіне жасанды интеллект (ЖИ) мүмкіндіктерін тиімді интеграциялау арқылы бастауыш сыныптардағы математика сабақтарында оқушылардың логикалық ойлауы мен визуалды қабылдауы артты. Ал 6-сыныптың математика және 7-сыныптың физика сабақтарында оқушылар күрделі деректерді өңдеу мен зерттеу жұмыстарында цифрлық құралдарды пайдаланудың жоғары құзыреттілігін танытты. Сабақтар барысында оқушылардың еркін сөйлеп, өз дәлел-уәждерін нанымды жеткізуіне және сыни көзқарастарының жүйелі дамуына баса назар аударылды.

Тізбектелген сабақтар циклі аяқталған соң, мектеп әкімшілігінің қатысуымен қорытынды талдау отырысы өтті. Басқосуда педагогтердің кәсіби ізденістері мен цифрлық сауаттылықтары сараланып, оқыту сапасын одан әрі жетілдіруге бағытталған әдістемелік ұсыныстар берілді. Осылайша, жаңадан келген мамандар технология мен педагогиканы ұштастыра отырып, цифрлық әлемге бейім, сенімді тұлға қалыптастыру бағытындағы шеберліктерін дәлелдеді.

Новости