Мектебімізде «Жыл мұғалімі – 2026» байқауы аясында физика пәнінің мұғалімі С.Ж. Жанаөмірова 8-сыныпқа «Өткізгіштерді тізбектей жалғау» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар ток күшінің заңдылықтарын меңгеріп, жалпы кедергіні есептеуді үйренді.
Сабақта «Wordwall» платформасын, ЖИ,жұптық және жеке жұмыс түрлерін тиімді қолданып, оқушылардың белсенділігін арттырды. Сабақ соңында оқушылар «батарея» әдісімен кері байланыс беріп, өзін-өзі бағалау парағы арқылы білімдерін қорытындылады. Өте қызықты әрі танымды өткен сабақ жоғары деңгейде бағаланды.


