Мектебімізде «Жыл мұғалімі – 2026» байқауы аясында бастауыш сынып мұғалімі Қуанышқызы Динара 2 «А» сыныбында «Жұрнақ пен жалғау» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында психологиялық ахуал қалыптастырылып, үй тапсырмасы «Текемет тоқу» әдісі арқылы тексерілді. Мұғалім «Wordwall» платформасын, жасанды интеллект мүмкіндіктерін, жұптық, топтық және жеке жұмыс түрлерін тиімді қолданып, оқушылардың белсенділігін арттырды.
Сабақ өте қызықты әрі танымды өтті.

