«Жыл мұғалімі» байқауының І кезеңі аясында мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Қабылда Жанбота Ерболқызы 2 «Б» сынып оқушыларына математика пәнінен «5-ке көбейту кестесі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында үй тапсырмасын тексеру және сабақты бекіту кезеңдерінде жасанды интеллект мүмкіндіктері тиімді қолданылды. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында эстафета әдісі арқылы көбейту кестесін меңгеру жұмыстары жүргізілді.
Ашық сабақ оқушылардың белсенділігін арттырып, тақырыпты меңгеру деңгейін жақсартуға ықпал етті.


