Мектебімізде 7–10 сынып старосталары мен олардың орынбасарлары қатысқан дәстүрлі мектепішілік пікірсайыс турнирі — «Ұшқыр ой алаңы» жоғары деңгейде өтті.
???? Сайыс барысында қатысушылар
«Болашақтың саналы азаматын не қалыптастырады – кітап оқу немесе қауіпсіз цифрлық орта?»
тақырыбы аясында өз ойларын еркін жеткізіп, нақты аргументтер мен тың идеялар ұсынды.
Оқушылардың шешендік өнері, логикалық ойлау қабілеті мен көшбасшылық қасиеттері айқын көрініс тапты. Әр команда өз ұстанымын дәлелдеп, мәдениетті пікірталас жүргізе алды.
???? Сайыс қорытындысы бойынша келесі номинациялар табысталды:
✨ «Үздік спикер»
✨ «Үздік көшбасшы»
Бұл пікірсайыс оқушылардың сыни ойлауын дамытуға, азаматтық көзқарасын қалыптастыруға және белсенді көшбасшыларды анықтауға үлкен мүмкіндік болды.
???? Ұйымдастырушы:
Мектептің өзін-өзі басқару ұйымы


