Мектепалды сыныпта «Адалдық дүкені» атты сюжеттік-рөлдік ойыны өткізілді.
Ойынның мақсаты – балалардың адалдық, шыншылдық, әділдік сияқты адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Ойын барысында бір бала адал сатушы рөлін, ал басқа балалар сатып алушы рөлін орындады. Балалар тауарды таңдап, дұрыс төлем жасауға, кезек сақтауға және бір-бірімен сыпайы қарым-қатынас жасауға үйренді. Ойын балалардың қызығушылығын арттырып, адалдықтың маңызын түсінуге ықпал етті.


