back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
«Жыл мұғалімі – 2026» байқауы ІІ кезең
25-02-2026 10:09
«Жыл мұғалімі – 2026» байқауы ІІ кезең

Апта басы дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды.
Одан кейін апта дәйексөзі – «Шығармашыл бала – ойлы бала» талқыланып, оның тәрбиелік мәні түсіндірілді.

Байқаудың екінші кезеңі аясында 6 «А» сынып оқушыларына сынып сағаты өткізілді.
Сабақтың негізгі тақырыбы – лудомания болды. Оқушылармен бірге оның анықтамасы, тәуелділік белгілері, себептері, салдары, жастар мен қоғамға әсері, алдын алу жолдары қарастырылды.
Оқушылар топтық жұмыс жасап, постер қорғап, өз ойларын еркін жеткізді:
• 1-топ: лудоманияның себептері мен салдары
• 2-топ: қате таңдау vs дұрыс таңдау
• 3-топ: лудоманияға жол бермеу және алдын алу жолдары

Сонымен қатар қауіпсіздік сабағы өтті: оқушыларға жедел қызмет нөмірлері (101, 102, 103, 112) түсіндіріліп, өмірлік ситуациялық сұрақтар арқылы білімдері бекітілді.

Сынып сағаты қызықты, белсенді және мазмұнды өтті.

Хамидулла Ж.Ж.

Новости