back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
“Жыл мұғалімі-2026”: 2 кезең Мектебімізде “Жыл мұғалімі-2026” байқауы аясында физика пәнінің мұғалімі Жанаөмірова С.Ж 5 “ә” сыныбына тәрбие сағатын өткізді.
25-02-2026 10:11
“Жыл мұғалімі-2026”: 2 кезең Мектебімізде “Жыл мұғалімі-2026” байқауы аясында физика пәнінің мұғалімі Жанаөмірова С.Ж 5 “ә” сыныбына тәрбие сағатын өткізді.

Тәрбие сағатының тақырыбы: “Лудомания”. “Төтенше нөмірлер”.
Тәрбие сағатының мақсаты: 1.Оқушылардың қазіргі  уақыттағы ойын мәселесі туралы түсінігін қалыптастыру;
2. Оқушыларға ойынның  бар кемшіліктерін түсінуін дамыту;
3. Оқушыларды адамгершілік мәдениетіне тәрбиелеу.
Қауіпсіздік сабағының мақсаты: Оқушыларға төтенше жағдай кезінде хабарласатын қызмет нөмірлерін үйрету, қауіпсіздік ережелерін сақтауға және дұрыс әрекет етуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағаты ҚР мемлекеттік әнұранын айтумен басталды. Психологиялық ахуал тудыру үшін “таңдау баспалдағы “ атты тренингі өткіздік.
Тәрбие сағаты барысында:
1.Жағдаяттық тапсырма
2.Кеңес беру тапсырмасы
3.Постер қорғау(топтық жұмыс)
4.Wordwall платформасы (викторина)
5.”Менің таңдауым” атты тақырыпта өз ойларын атап өтті.
6.Сәйкестендіру ойыны(карточкада берілген төтенше нөмірлерді сәйкестендіру)
7.Кері байланыс ЖИ(Алдар көсе)
Қауіпсіздік-әр адамның басты байлығы. Әр қауіптің алдын алу әрдайым қауіптен артық. Бір-бірімізді қорғап жүрейік!!!
Тартысты да қызықты болған тәрбие сағаты өз мәресіне жетті.

Новости