М.Жұмабаев атындағы ЖББ мектеп-гимназиясының 9 «А» сынып оқушыларымен «Лудомания» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Оқушыларға құмар ойынның зияны, оның психологиялық және әлеуметтік салдары түсіндірілді.
Қауіпсіздік сабағында (10 минут) жедел жәрдем нөмірлері (101, 102, 103, 112) және сенім телефондары туралы ақпарат берілді.
Айдың дәйек сөзі — «Ақпан — Жасампаздық пен жаңашылдық айы», аптаның дәйек сөзі — «Шығармашыл бала — ойлы бала» мазмұнмен байланыстырылып, оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануына назар аударылды.



