back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
18.02.2026 күні Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында «Жасанды интеллект (ЖИ) мүмкіндіктерін оқу үдерісінде тиімді қолдану» тақырыбында аудандық семинар өтті.
25-02-2026 11:20
18.02.2026 күні Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында «Жасанды интеллект (ЖИ) мүмкіндіктерін оқу үдерісінде тиімді қолдану» тақырыбында аудандық семинар өтті.

Семинардың мақсаты – педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру, ChatGPT, Gamma, Canva сынды ЖИ құралдарын тиімді пайдалану арқылы білім сапасын жақсарту және мұғалім уақытын үнемдеу жолдарын көрсету.

Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша ашық сабақтар мен шеберлік сыныптар ұйымдастырылды.

6 «А» сыныбында Жұлдыз Жомартқызы «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, ЖИ мүмкіндіктерін тиімді қолданды.

Риза Омирбековна «Жасанды интеллектің мүмкіндіктері» тақырыбында промт құрастыру және ChatGPT мүмкіндіктерін таныстырды.

Бауыржан Жанерке ЖИ-ді биология сабағында қолдану жолдарын, ал Бауыржан Арманбек Shyraq AI платформасымен практикалық жұмыс жүргізу тәсілдерін көрсетті.

Жанерке Ерболатқызы математика сабағында ЖИ-ді тиімді пайдалану жолдарын, оны қай кезде қолдану орынды екенін және 45 минуттық сабақ материалын қысқа уақытта дайындау тәсілдерін ұсынды.

Семинар – цифрлық білім беруді дамытуға бағытталған маңызды тәжірибе алаңы болды.

«Білім берудегі жаңашылдық – болашаққа бастар сенімді қадам».

Новости