Апталықтың негізгі мақсаты – балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыру, санау дағдыларын жетілдіру, «бір және көп», «үлкен–кіші» ұғымдарын меңгерту, геометриялық пішіндерді ажырату және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Апталықтың бірінші күнінде келесі іс-шаралар өткізілді:
* «Бір және көп» тақырыбында танымдық ойын ұйымдастырылып, балалар заттарды салыстыру арқылы сандық ұғымдарды бекітті.
* «Пішіндер сөйлейді» атты АКТ арқылы ұйымдастырылған іс-әрекетте балалар геометриялық пішіндерден түрлі бейнелер құрастырды.
* «Көңілді санау» дидактикалық ойынында 1–5 дейін санау дағдылары жетілдірілді.
* «Сандар әлемі» саусақ гимнастикасы арқылы балалардың ұсақ моторикасы мен санау қабілеті дамытылды.
* Ата-аналарға арналған «Ақылды ата-ана – смарт бала» тақырыбында кеңес беріліп, үй жағдайында санауды дамыту жолдары ұсынылды.
Барлық ұйымдастырылған іс-шаралар жоспарға сай өткізілді. Балалар белсенділік танытып, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.


