М.Жұмабаев атындағы ЖББ мектеп-гимназиясының 9 «А» сынып ата-аналарының жиналысы жоғары деңгейде өтіп, І жартыжылдық қорытындысы сараланып, алдағы кезеңге ортақ міндеттер анықталды.
Оқушылардың оқу жетістіктері, пәндік белсенділігі, қоғамдық шараларға қатысуы талқыланып, мектептің тәртіп ережелері мен қауіпсіздік талаптары ерекше атап өтілді. Барлық талқылаулар – білім сапасын арттыру мен оқушы тұлғасының қалыптасуына бағытталған ортақ жауапкершілік ретінде қаралды.


