back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
Математика апталығының соңғы күні шағын орталықта ерекше көңілді әрі танымдық шара ұйымдастырылды.
25-02-2026 13:12
Математика апталығының соңғы күні шағын орталықта ерекше көңілді әрі танымдық шара ұйымдастырылды.

Апталық аясында балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған «Артық затты тап» логикалық ойыны, көңілді есептер және «Сандар сөйлейді» атты танымдық ойындар өткізілді. Сонымен қатар «Көрме математика» бұрышы жасақталып, балалардың шығармашылық жұмыстары мен қызықты математикалық тапсырмалары қойылды.
«Артық затты тап» ойынында тәрбиеленушілер заттарды салыстырып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтап, өз ойларын еркін жеткізе білді. Бұл ойын балалардың зейінін, ойлау жылдамдығын арттырды.
Көңілді есептер барысында балалар қарапайым математикалық амалдарды орындап қана қоймай, тапқырлық пен шапшаңдық танытты. Ал «Сандар сөйлейді» ойыны арқылы сандардың маңызын түсініп, оларды күнделікті өмірмен байланыстыра алды.
Шара барысында балалар белсенділік танытып, қызығушылықпен қатысты. Математика апталығының қорытынды күні тәрбиеленушілер үшін есте қаларлықтай әсерлі де мазмұнды өтті.

Новости