6 сәуір кезекті тәрбие сағаты барысында 7А сынып оқушыларына “Велосипедтерде, мотоциклдерде және мотороллерлерде жолаушылар мен жүк тасымалы ережелері” түсіндірілді. Оқушылар заң бойынша аталған көлік құралдарын пайдалану кезінде қандай міндеттері бар екенін және ережелерді бұзған жағдайда қандай жауапкершілікке тартылатынын ұғынды. Сынып жетекшісі А.С.Болатханның баяндамасын тыңдап болған соң, оқушылар түсінген, есте сақтаған тұстарын қағаз бетіне түсірді, сондай-ақ өз тәжірибелерінде болған қызықты оқиғалармен бөлісіп, әңгіме құрды.
